$ 443.44  480.51  4.88

Казиноға баратын әскери қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде

Жоғарғы құрам мамандарының бұған уақыты да жоқ, өйткені біз үнемі жұмыстамыз.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ведомствоның 95 қызметкерінің құмар ойындарға қатысы бар деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бірнеше әскери қызметші бар, қызметкерлер емес, әскерилер. Олардың әрқайсысына қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша мен одан әрі қызметті жалғастыру туралы шешім қабылдаймын. Бұл әскери қызметкерлердің орташа құрамы, одан жоғарысы жоқ. Жоғарғы құрам мамандарының бұған уақыты да жоқ, өйткені біз үнемі жұмыстамыз.  Біздің әскери қызметкерлерге төленетін сома да көп емес", – деді Руслан Жақсылықов Сенат кулуарларында.

Еске сала кетсек, қазан айының соңында 305 қазақстандық шенеуніктің казинода 507 млн теңге жұмсағаны белгілі болды.  Прокурорлық тексеруге сәйкес, елдегі ең көп құмар ойындарға әуес шенеуніктер Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары