11.11.2022, 12:20

Алматыда «барахолка» өртенді (ВИДЕО)

Өрттің неден шыққаны және қанша контейнер өртенгені белгісіз.

 Алматыда "барахолка" базарынан өрт шықты. ТЖД күштері Жетісу ауданы, Солтүстік айналым, 7 Б мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша базардағы "Адем" сауда үйінің артқы бетіндегі қоймалардың бірі отқа оранған.

Мамандар дереу өртті сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Өрттің неден шыққаны және қанша контейнер өртенгені белгісіз.

Мән-жайды ТЖД мамандары анықтап жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.