Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қазіргі таңда адамдардың санасы ашық екенін алға тартып өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Заңгердің сөзінше, су түбінде жатқан шындық қай уақытта болмасын жария болады.
“Артымда Президент әкімшілігінің басшысы тұр, мені қолдап отыр”, - деп талтаңдап жүру ол ескі жүйенің қалдығы! Жасалған қылмыстың парамен жабылып жатқанын сол Президент әкімшілігінде отырған дәу келіп зерттеп көрсе, сол өзіне сеніп жүрген басшыны түрмеге бірақ тығар еді!
Президент әкімшілігінің басшысы да жасаған былықтарды қашанғы жабады? “Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады”, емес пе?...
Желдің толқып, шындықтың су бетіне шығуына енді ешкім кедергі бола алмайды! Халық бұрынғыдай қараңғы емес, өтірік берген ақпараттарыңды жұтып отыра беретін!", деп жазба қалдырды.