$ 494.87  520.65  4.91

Қарттар үйінің директоры қариялардың зейнетақысын ұрлаған

Қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамның қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры Н.Сыздықан қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлағаны үшін 2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Qamqor» жедел алдын-алу шарасы аясында қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамның қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

«Айыппұлдан басқа, директорға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына Евстафьева М. мен Лимарева Ю. және Абай қаласының Қазпошта бөлімшесінің қызметкері Брушневскаяға Л. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан сенімді алдау және теріс пайдалану жолымен өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім шығарылды.

Олар кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды және жазаны өтеудің мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары