$ 447.4  477.55  4.76

Азия чемпионаты: Жайна Шекербекова ел қоржынына екінші алтын медаль салды

Бәсеке өте қызу өтті. Боксшылар алтын үшін аянып қалған жоқ.

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Жайна Шекербекова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелдер арасында қазақстандықтардан финалға бірінші болып 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова шығуы керек еді. Алайда қарсыласы жарақат алып қалғандықтан, жеңіс Алуаға берілді. Сөйтіп әлем біріншілігінің күміс жүлдегері А.Балқыбекова ресми түрде екі мәрте Азия чемпионы атанды.

Ұлттық құрамадағы тәжірибелі боксшылардың бірі, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақта тайландтық Джутамас Джитпонгпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Бәсеке өте қызу өтті. Боксшылар алтын үшін аянып қалған жоқ. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Жайнаға берді – 5:0.

Осылайша, Жайна Шекербекова Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары