Жетісу облысында жас жігіт қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберді.
Облыстық полицияның мәліметінше, Панфилов ауданының полициясына 60 жастағы ер адам арызданған. Ол құны 25 миллион теңгеге бағаланған үйіне белгісіз біреу өртқойғанын айтқан.
Көп ұзамай полиция қызметкерлері қасақана өрт қойды деген күдікпен 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жігіт бұл үйде тұратын қызбен таныс болып шықты.
"Қыздың телефонға жауап бермеуі оның ашу-ызасы мен қызғаныш сезімін тудырған. Кейін ол үйге жасырын кіріп, оны іштен өртеп жіберген. Өрт дереу сөндіріліп, одан әрі көрші үйлерге таралуына жол берілмеді", - деп хабарлады аудандық полиция.
Ведомство Қазақстан Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі – "Қасақана өрт қою" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті.