$ 449.58  486.94  4.86

Депутат Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті

Сенбі күні таңертең сағат 9-да жүректің негізгі 3 тамырына ота жасалады.

Депутат Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Қарашаның 9-ына Мәжілістің жалпы отырысында мазамыз кетсе де шыдап, кездескісі келген журналистерге де, түскі асқа да қарамай, жедел ауруханаға жеткенбіз. Президенттің іс басқармасына қарайтын Медициналық орталық дәрігерлері бірден кардиограммаға түсірді де, жүректен бастап, бәрін түгел тексереміз деп бірден жатқызып тастады. «Бүгін үйге барып, ертең киім ауыстырып келем» дегенге де жібермеді. Тіпті, бүгін коронарография тексеруінен соң, палатама қайта жібермей, сол жерден бірден реанимацияға әкеліп жатқызып қойды», - делінген жазбада.

Қазыбек Исаның айтуынша, сенбі күні таңертең сағат 9-да жүректің негізгі 3 тамырына ота жасалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары