12.11.2022, 21:20

Азия чемпионаты: Қазақ боксшылары медальдық есепте бірінші орын иеленді

Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды – 6 алтын, 7 күміс және 8 қола.

Қазақстан құрамасы 2022 жылы Амманда (Иордания) өткен бокстан Азия чемпионатының жалпыкомандалық медальдық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды sports.kz. 

Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды – 6 алтын, 7 күміс және 8 қола. Екінші орынды 13 медальмен Өзбекстан құрамасы иеленді – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола. Үндістан 12 медаль – 4 алтын, 2 күміс және 6 қоламен үшінші болды.

Бокстан 2022 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы командалық медальдық кестесі: 1. Қазақстан – 6-7-8 2. Өзбекстан – 6-3-4 3. Үндістан – 4-2-6 4. Иордания – 2-3-2 5. Тайланд – 2-2-1 6. Жапония – 1-5-1 7. Оңтүстік Корея – 1-1-4 8. Тайвань – 1-0-3 9. Филиппин – 1-0-2 10. Вьетнам – 1-0-1 11. Моңғолия – 0-2-8 12. Қырғызстан – 0-0-4 13. Иран – 0-0-2 13. Тәжікстан – 0-0-2 15. Пәкістан – 0-0-1.