$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда кабинетіне «глушилка» орнатқан шенеунік жұмыстан шеттетілді

Нұрабаевқа ұжымдық шағым жазылды, сол шағым негізінде министрлік тексеруді бастады.

Қарағанды көліктік бақылау инспекциясының бастығы Болат Нұрабаев өз кабинетінде диктофондарға арналған дыбыс өшіргіш орнатқаны үшін жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарлаған.

"Қызметтік тергеу жүргізілуде, Нұрабаев тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді", - деді ведомстводан.

Бұған дейін дыбыс өшіргіш орнатқан шенеунік Алматы облысының көлік инспекциясының басшысы лауазымынан Қарағандыға ауыстырылғаны белгілі болды, өйткені оның қарамағындағылардың бірі Талдықорғанда пара алғаны үшін сотталған, ал кейінірек оған бағынышты тағы үш адам сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті ретінде ұсталды.

Қарағанды полицейлері басқа өңірден келген шенеунікке әу бастан сенімсіздік білдірген. Нұрабаевқа ұжымдық шағым жазылды, сол шағым негізінде министрлік тексеруді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары