$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан аумағында жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуі 14 қараша күні Алматы уақытымен сағат 12 сағат 51 минутта болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 8.7. MPV магнитудасы – 4.0. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,- делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары