$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда есін жоғалтқан қарияның жақындары іздестірілуде

Қарияның есінде қалған жалғыз ақпарат: ол Каспий теңізі маңында тұрады.

Instagram әлеуметтік желісінде есін жоғалтқан зейнеткердің суреті тарап жатыр. Қазір ол Алматыда жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зейнеткер көрсеткен жеке куәлік Хасенов Есентай Шәмшиұлы атына берілген. Қарияның есінде қалған жалғыз ақпарат: ол Каспий теңізі маңында тұрады.

"Бәріңе сәлем. Ата үй маңында жүр, дәл жолдың бойында. Есін жоғалтқан, Каспий теңізі маңында тұратынын айтады. Сау. Репост жасап жіберсеңіздер, өтініш", - дейді жазба авторы.

"Алматыда. Сыртта өте суық, өте. Біреудің атасы жоғалып кетіпті. Табуға көмектесейікші", - дейді тағы бір қолданушы.

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановты жұрт әлеуметтік желіде атаның туыстарын іздеуге көмектесуін сұрап белгілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары