ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.
Сондай-ақ ол бірнеше лауазымды тұлғаның Қостанай облысындағы өртке кінәлі деген күдікке ілінген атады.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда», - деді Төтенше жағдайлар министрі.