$ 441.66  475.14  4.86

«Манчестер Юнайтед» Роналдуға 1 миллион еуро айыппұл салмақ

Жақында Криштиану Роналду командасындағы жағдайға сын айтқан еді. Клубтағыларға футболшының бұл әрекеті мүлдем ұнамаған.

"Манчестер Юнайтед" футбол командасы ойыншысы Криштиану Роналдуды қатаң жазаламақ. Metro басылымына сенсек, клуб шабуылшыға 1,1 миллион еуро айыппұл салмақ деп хабарлайды Stan.kz.

Жақында Криштиану Роналду командасындағы жағдайға сын айтқан еді. Клубтағыларға футболшының бұл әрекеті мүлдем ұнамаған.

Еске сала кетейік, Роналду команданың басшылығы мен бапкерлер штабын сынға алып сұхбат берген еді. Содан кейін жұрт оның өзін сынай бастады. Ойыншыдан сұхбат алған Пирс Морганның сөзінше, Роналду оған сұхбат бергім келеді деп өзі хабарласқан. Алтын доп иегері осы әрекеті үшін сынға ұшырайтынын білген. Оның бар пиғылы – “жұртқа шындықты айту”.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары