$ 483.23  534.74  5.12

Анасын өлтірген қарағандылық тұрғын қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Шешім заңды күшіне енді.

Қарағанды ​​облысында анасын ессіз күйде өлтірген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, М. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

"Жәбірленушілердің М.-ға қойған талаптары, соңғысының "есі дұрыс емес" деп танылуына және заң бойынша қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндет жүктелуі мүмкін тұлғаның болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды", – деді сот.

Шешім заңды күшіне енді.

Қарағандыда 3 маусым күні сағат 00:30 шамасында созылмалы психикалық бұзылыс жағдайындағы ер адам бұзақылық ниетпен Гапеев көшесіндегі №31 үйдің ауласында тұрған бірнеше көліктің терезесін сындырған.

Сол түні сағат 03:45 шамасында ол Гапеев көшесіндегі 29-үйде анасын темір табамен өлтіріп, бірнеше жерінен пышақтаған.

"Стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ол созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады, қылмыс жасау кезінде созылмалы психикалық бұзылыс жағдайында болған, яғни оның іс жүзіндегі сипатын, іс-әрекетінің әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмаған", – деді сотта.

Ер адам сот алдында жауап бере алмайды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет.

Оның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, сараптама қорытындылары және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары