$ 494.87  520.65  4.91

Байқаушылар мектебінің ұйымдастырушылары оқу процесі туралы айтып берді

Мектеп сайлау процесін бақылауға қатысқысы келетін барлық алматылықтар үшін құрылды.

Алматыда байқаушыларды оқыту аяқталды. Тренинг процесінің қалай өткені жөнінде мектептің ұйымдастырушысы Александр Братенков айтып берді.

"ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарияланғаннан кейін Алматыда сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық қозғалыс пайда болды. Оны ресімдеу үшін тәуелсіз бақылаушылар орталығы құрылды. Бұл  - өзіндік бір құрылым құруды ұсынған азаматтық белсенділердің бастамасы болатын, ол дауыс беру нәтижелерін бақылау, өткізу және есептеу рәсіміне жан-жақты дайын болуға мүмкіндік береді", - деді А.Братенков. 

Осы қоғамдық орталық аясында байқаушылар мектебі  - сайлау процесінің атрибуттарының бірі ретінде байқаушылардың біліктілігін арттырумен айналысатын құрылым ұйымдастырылды.

"Бақылаушы – жұмыс процесін бақылап қана қоймай, ол сайлау туралы Конституциялық заңның құқықтық негіздерін білетін, қақтығыстардың алдын алу, даулы және жанжалды жағдайларды болдырмау тәсілдерін меңгерген адам. Біздің мектепте біз осыны үйреттік. Мектеп сайлау процесін бақылауға қатысқысы келетін барлық алматылықтар үшін құрылды", - деп атап өтті Александр Братенков. 

Сондай-ақ, ол ұйымдастыру барысында мектеп туралы ақпарат әлеуметтік желілерде, Facebook, Instagram-да жарияланғанын атап өтті. Қатысуға ниет білдірген азаматтарды шақыру үшін хабарландырулар берілді.

"Оқыту үшін түрлі жаттықтырушылар шақырылды, алайды олардың жұмыс тәжірибесіне, іскерлік шеберлігіне, өз ісінің нағыз мамандарына басымдылық берілді, атап айтқанда Конституциялық құқық бойынша біздің волонтерлік қоғамдық орталық мүшесі, Қарлығаш Усинова болды, ол Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің жетекші маманы, ал, оқуды жүргізген Айсәуле Алпысова, медиа ресурстарды тиімді қолданудың жолын білетін,  әлеуметтік желілерде жұмыс істеу дағдыларын меңгерген маман, сонымен қатар, оқытушылар құрамында қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Кисиков та бар, оның сайлау компанияларында үлкен тәжірибесі бар. Ол дәріс барысында сайлау учаскелерінде болатын жағдайларды ұтымды көрсете алды. Қайыржан Әбдухалиев – ол сайлау кезіндегі жанжалдардың, шиеленісті жағдайлардың алдын алумен айналысатын жаттықтырушы", - деп атап өтті байқаушылар мектебінің ұйымдастырушылары. 

Қазан айынан басталған сабақтар аяқталды. Мектепте: студенттер, әлеуметтік сала мамандары, бюджеттік ұйым қызметкерлері, кәсіпкерлер және т. б., жандар өздерінің мәртебесі мен жасына қарамастан 4 негізгі пән бойынша оқудан өтті:
Қақтығыстарды болдырмау – сайлау учаскелерінде шиеленістің алдын алу, учаскелерде төзімділік танытып, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу және практикалық жағдайларды талдау – бұл бақылаушының құқықтық мәдениеті.

Сондай-ақ, білім алушылар дауыстарды санауды бақылаудың практикалық дағдыларын үйреніп, сайлау процесінің барлық кезеңдерінен сабақ алған тренинг форматынан өтті. 

"Біздің қатысушылар дауыс беру күні сайлау учаскелерінде таңғы сағат 6-дан бастап дауыс беру аяқталғанға дейін және дауыс беру нәтижелері есептелгенге дейін ашық және әділетті сайлау өткізу үшін барлық практикалық білімдер мен тәсілдерді үйренді.  Олар адал, объективті және бейтарап болады", - деп қорытындылады А. Братенков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары