$ 450.79  482.21  5.05

Головкин мен Әлімханұлының ESPN рейтингіндегі орны белгілі болды

ESPN телеарнасының сайтында барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

ESPN телеарнасының сайтында барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Рейтингіде орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының орындары өзгерген жоқ.

Үздік «үштік» те өзгеріссіз қалды: тізімде бірінші орында WBC әлем чемпионы Джермалл Чарло есімі тұрса, екінші орында WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Головкин мен Деметриус Андраде орналасқан. Әлімханұлына келсек, ол британдық Дензел Бентлимен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBO әлем чемпионы атағын сәтті қорғағанымен, тізімде төртінші орында қалды.

ESPN орта салмақтағы толық рейтингі келесідей:
1. Джермалл Чарло (АҚШ)
2. Геннадий Головкин (Қазақстан)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
5. Риота Мурата (Жапония)
6. Хайме Мунгиа (Мексика)
7. Крис Юбанк кіші (Ұлыбритания)
8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
9. Эрисланди Лара (Куба)
10. Эскива Фалькао (Бразилия)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары