$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар тұрғыны пәтерде өлі табылды

Ер адам полицейдің туысы екені айтылған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Павлодар тұрғыны қаладағы пәтерлердің бірінен өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған. Полицейлер ер адамның өлімінің себептерін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, марқұм 23 жаста болған. Ер адам полицейдің туысы екені айтылған. Әлеуметтік желілерде марқұмның басына оқ атылғаны жазылған. Жазбаға сәйкес, оқ туысы түскі үзіліс кезінде үстел үстінде қалдырып кеткен қызметтік тапаншадан атылған.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өліміне әкелген оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеу амалдары жария етілмейді", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары