$ 443.44  480.51  4.88

Қорғаныс министрлігі металл қабылдау орнында жатқан дулығалар туралы пікір білдірді

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі, дулығаларыңыз бізде металл қабылдау орнында жатыр. Бұл - Қазақстан, бұл - Шымкент!

Қорғаныс министрлігі Шымкентте әскери дулығалар металл өткізу орнында жатқаны туралы даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде әскери каскалар "металл жинау орнына өткізілгені" туралы видео тарап жатыр. TikTok қолданушысы бұл Шымкенттегі металл жинау орны екенін айтады.

"Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі, дулығаларыңыз бізде металл қабылдау орнында жатыр. Бұл - Қазақстан, бұл - Шымкент", - дейді видеода.

Әскери бас киімдер Қорғаныс министрлігіне тиесілі деген ақпаратты ведомство жоққа шығарды. Ұрлық немесе жоғалту деректері де расталмады. Видео авторы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартыла ма, жоқ па, нақтыланбады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok видеоплатформасындағы арналардың бірінде әскери каскалардың металға өткізілгені туралы видео жарияланғаны анықталды.

Бұл әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты қорғаныс істері жөніндегі бөліммен тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті (әскери каска) ұрлау және жоғалту деректерінің жоқтығы анықталды", - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары