$ 444.14  477.05  4.85

«Диплом таратумен айналысады»: Тағы 5 университет жабылуы мүмкін

Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Сапасыз білім беріп, тек диплом таратумен айналысқан еліміздегі 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ”Адырна”. 

“Соңғы 2-3 жылда диплом тарататын университеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Биыл 28 рет мемлекеттік бақылау жүргіздік. Оның 14-і – жоспарлы түрде, қалғаны – профилактикалық бақылау”, - деді министрдің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары