Алматы облысында 12 жасар бала автокөлік астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"16.11.2022 жылы сағат 14:00 шамасында 34 жастағы "Honda Avancier" маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылы, Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол - көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды" делінген хабарламада. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.