Жақында жолдасынан айырылған белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазбамен бөлісті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Анашым, жылай бермеші, сен бізге енді бұрынғыдан да қатты керексің. Әке, келіп қалатын сияқты", - дейді тұңғышым. Кенжем Сардар болса, білдірмей, бөлмесіне барып жылап алады.
Сардардың әкесімен қарым-қатынасы ерекше болды. Кенжесі болған соң ба, қатты еркелетіп өсірді.
Бір жұбанышым, әйтеуір екеуінің екі үлкен ағасы, әпкесі бар, жалғыз емес. Қайрат үнемі балаларын жанына жиып жүретін. Әр немересіне жеке көңіл бөліп, келіндерін аузынан тастамайтын. Олар да маған құрбы сияқты болып кеткен. Сол жағын ойласам, қуанамын. Ұлдарға бауырмалдылық, отбасын құндылықтарын жақсы көрсете білді.
Жазда ғана қызын ұзатып, үлкен той жасаған еді.
Ұл-қыздары, немерелерімен шүйіркелесіп отырған суреттерін өзім түсіріп едім. Әлі де бәрінің жәй ғана елес болып қалғанына сене алмаймын. Бірақ ұрпағы үшін бәріне төтеп беруге уәде бердім...", деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.