$ 498.34  519.72  4.85

«300 мың теңге беремін»: Нәрестелерді тауарға айналдырғандар желіде ашық саудаласуда

Әлеуметтік желіде жұрт ашықтан-ашық «бала асырап аламын, рақметім болады» деп жазса, енді бірі «300 мың теңге беремін» деп жаңа туған сәбиге нақты баға қойған.

“Астана” телеарнасының хабарлауынша, қазір әлеуметтік желіде жұрт ашықтан-ашық «бала асырап аламын, рақметім болады» деп жазса, енді бірі «300 мың теңге беремін» деп жаңа туған сәбиге нақты баға қойған. «Жазыңдар, бере саламын» дейтін тасбауыр әйелдер мен делдалдар да кездеседі.

Бұл бала сату ауыр және аса ауыр қылмыстардың түріне жатады. Ең ауыр жаза 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған, - дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің аға жедел уәкілі Нұрбол Ашақұлов.

Көбіне бұл қылмыс түрі жасырын істеледі. Көрген, не естіген адамдардың, куәгерлердің ақпараттандыруы арқылы жедел іздестіру шараларымен анықталады дейді департамент өкілі. Соңғы 5 жылда бала сатудың 44 дерегі анықталған. Ал биылдың өзінде 9 қылмыстық іс тіркеліпті.

Мәселенің тағы бір ұшы белсіздік пен бедеулікке тіреледі. Мамандардың айтуынша, елімізде ерлі-зайыптылардың 15 пайызы бала сүю бақытынан айырылған. Сәби сүйе алмағандықтан 20 пайыз отбасының некесі бұзылады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары