ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың танымал шолушыларының бірі Дэн Рафаэль қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) жағдайы туралы жақсы жаңалықты бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дэн Рафаэль өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Ербосынұлының медициналық комадан шыққанын және ауыр нокауттан кейін жақсарып келе жатқанын атап өтті.
Екі аптадан кейін қазақстандықтың денсаулығы жақсара бастаған. Дэн Рафаэльдің сөзінше, Айдос сөйлей алатын және белгілі бір дәрежеде жүре алатын күйге жеткен.