$ 498.34  519.72  4.85

Қылмыстық схема ойлап тапқан астаналық студенттер 20 адамды алдап соққан

Күдіктілер жәбірленушілерге банкте сенімді адамдары барын айтып, кейін кредитті жауып тастауға болады деп сендірген.

Елордада алаяқтықпен айналысқан 2 студент ұсталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 19 жастағы күдіктілер «бизнеспен» айналысып, 19 адамды сан соқтырған. Оның арасында достары мен группаластары, таныстары бар.

Студенттер қылмыстық схеманы ойлап тауып, достарына банктен тауарды кредитке алуды ұсынған.

Олар ұялы телефондардың соңғы нұсқасын алып отырған. Күдіктілер жәбірленушілерге банкте сенімді адамдары барын айтып, кейін кредитті жауып тастауға болады деп сендірген. Студенттер бұл қызметі үшін адамдарға 100-200 мың теңге төлеген. Олар жаңа ұялы телефондарды алғаннан кейін сауда үйлеріне барып сатқан, - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілерді Есіл аудандық полиция қызметкерлері ұстады. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің әрекетінен қанша адам зардап шеккені әрі залал сомасы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары