$ 445.66  474.58  4.78

Алматыда ірі сауда орталықтарының бірі өртенді (ВИДЕО)

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сауда бутиктерінде 80 шаршы метр жер өртенді.

Алматыда «Бақорда» сауда орталығында дүкендер өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сауда бутиктерінде 80 шаршы метр жер өртенді.

«Бүгін сағат 13:56-да Алатау ауданы, Ырысты көшесі, 46/2А мекен жайы бойынша құрылыс бөлшектерін сататын сауда бутиктерінде ауданы 80 шаршы метр өрт шықты. Ол 5 минуттың ішінде ауыздықталып, сағат 14:25-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған жедел шаралар өрттің «Бақорда» сауда орталығына  таралуына жол бермеді»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-да.

Болған өрттің видеосы желіде тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары