18.11.2022, 18:20

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды

Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқас - орташа дәрежеде деп танылды.