ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
«2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», - дейді елорда сотынан.
Еске сала кетсек, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды.
Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ 6 қаңтар күні қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.