$ 494.87  520.65  4.91

«Шаршадым». Жалғас Жұмағұлов күтпеген мәлімдеме жасады

Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді.

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бесінші рет жеңілгеннен кейін Жұмағұлов Instagram-парақшасында үндеу жасады.

"Жекпе-жекті бәрі көрді, не айтамын? Ештеңе айта алмаймын. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Енді төбелескім келмейді. Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді. Шаршадым - барыңды салып сонша еңбектенесің... Қазір эмоцияға салынып отырған жоқпын, барын айтып отырмын", - деді Жұмағұлов.

Еске салайық, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кезекті рет жеңілді. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің бөле жарған шешімімен америкалық спортшы Чарльз Джонсонға жол берді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Жалғас дәл соққылар көрсеткіші және шабуылда ширақ қимылдарымен көзге түскен. Бір тейкдаун да еншісінде бар еді. Алайда екі төреші америкалық спортшыны 29:28 есебімен жеңімпаз деп таныған. Бір төреші Жалғасқа басымдық берген. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары