$ 494.87  520.65  4.91

Алматы тұрғыны өртеніп жатқан пәтерден зейнеткерді аман алып шықты

Жас жігіттің ерлігі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы тұрғыны өз өмірін қатерге тігіп, өртеніп жатқан пәтерден зейнеткерді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ер адамның ерлігі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода көпқабатты үйдің бірінші қабатының қалай өртеніп жатқаны көрсетіледі. Дауыс жанып жатқан ғимаратқа кірмеуді сұрайды. Артынша ер адам әлсіреген адамды көшеге көтеріп шығады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 20 қарашада Наурызбай ауданындағы "Шұғыла сити" тұрғын үй кешенінде болған. Таңғы сағат 5:20 шамасында өрт сөндіру бөлімдеріне қоңырау түскен.

"Келген кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенін анықтадық", - дейді ведомство өкілі.

Қабылданған шаралардан кейін 10 минуттан соң өрт оқшауланған. Алайда өртсөндірушілер келгенге дейін үйде 1950 жылы туған үй иесі болған. Оны осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов құтқарып қалған. Ол өз өмірін қатерге тігіп, операциядан кейін өз бетімен қозғала алмайтын қарт адамды аман алып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары