Ақтөбе әкімі лауазымын 1,5 миллион долларға (693 миллион 565 мың теңге) сатпақ болған алаяқтарға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еуразия бірінші арнасының мәліметінше, іс бойынша бес күдіктінің төртеуі бас бостандығынан айырылды. Олар 5 жылдан 7 жылға дейін түрмеге қамалады. Ал бесіншісі 5 жылға шартты түрде сотталды.
Айта кетейік, бұл іс жайлы "Ұлттық қауіпсіздік комитетіне – 30 жыл" фильмі жарияланған уақытта белгілі болды. Деректі фильмде хабарланғандай, қылмыскерлер өздерін жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшілеріміз деп таныстырған.
"Бұл биыл болған оқиға, бір жарым миллион долларға Ақтөбе қаласының әкімі қызметін ұсынған. Олар 30 миллион теңге көлемінде аванс беру кезінде ұсталды", - делінген фильмде.