$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтарды кемсітеді»: Таразда «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шықты

Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшысы жұмысшыларды балағаттаған.

Таразда «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шықты. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жүздеген қызметкер «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалы маңында жиналды. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшысы жұмысшыларды балағаттаған.

Сондай-ақ, жалақы мөлшері – 150-180 мың теңге аралығында. Олар осындай жағдайда басшылық қызметтегілердің 18-24 миллион теңге аралығында жалақы алатынына наразы.

Журналист Ерқанат Көпжасарұлы бұл шу шыққаннан кейін мәселенің шешілгені туралы айтып, Facebook парақшасында жариялады.

“Жағдай шешілді. Басшылықты ауыстырыпты”,- деп жазды ол.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, наразылық білдіру үшін жиналған жұмысшылардың саны 200-ге жуықтаған.

Қазіргі таңда зауыттағы ахуал тұрақты. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары