Өткен тәулікте 116 адамнан коронавирус анықталып, 7 адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
24 қарашадағы мәлімет бойынша, 817 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, кеше 92 адамнан коронавирус анықталған еді. Сондай-ақ, 5 адам жазылып шыққан болатын.