24.11.2022, 11:20

Шығыс Қазақстанның екі қаласында оқушылар мектепке бармайтын болды

Фото: ашық дереккөз
Бастауыш сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі қалада аязға байланысты оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды  altaynews.kz.

Оның бірі – Риддер. Кенді қалада сынап бағанасы -26 градустан төмен, бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары білім мекемесіне бармайды.

Ал Алтайда ауа температурасы минус 29 градусты көрестіп тұр. Бастауыш сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды.