24.11.2022, 18:20

Астанадағы ең биік ғимаратта Санта-Клаус видеоға түсіп қалды

Ол жарнамалық роликке түскен.

Астанада "Абу-Даби Плаза" ғимаратының қасбетінде Санта-Клаустың киімін киген ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде қызыл костюм киген адамның видеосы бұған дейін тараған болатын. Ер адам Астанадағы ең биік ғимараттың қасбетінде альпинистік құрал-жабдықтар көмегімен "жүрген".

"Абу-Даби Плаза" баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне видеодағы олардың қызметкері екенін айтты. Ол жарнамалық роликке түскен.