$ 494.87  520.65  4.91

«Жезқазғанда әрбір бесінші үй құлағалы тұр» - депутат

Мәселені шешу жолдарының бірі – мұндай тұрғын үйдің иелеріне өтемақы төлеу, бірақ оны заң бойынша төтенше жағдай орын алғаннан соң және үйлер құлағаннан кейін ғана жасауға болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы сенатор Советбек Медебаев мәлімдеді. Айтуынша, Жезқазғандағы әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен, ал 34 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Ал жергілікті әкімдік қабылдаған шаралар арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік жоқ.

Белгілі болғандай, инвесторлар жаңадан құрылған облыстың тұрғын үй құрылысына әзірше қарқынды түрде инвестиция сала қоймады. Мәселені шешу жолдарының бірі – мұндай тұрғын үйдің иелеріне өтемақы төлеу, бірақ оны заң бойынша төтенше жағдай орын алғаннан соң және үйлер құлағаннан кейін ғана жасауға болады. Аталған мәселені шешудің жолы – төтенше жағдай жарияланған кезде апатты үйлердің тұрғындарына өтемақы төлеу. Бірақ Әділет министрлігі ғимарат құлаған немесе қайта жаңғыртылған кезде ғана төтенше жағдайды хабарлауды ұсынып отыр. Алайда ғимараттың құлау фактілерінің болмауына қарамастан, ескірген тұрғын үйлердің кез келген уақытта үлкен апатты жағдайға алып келу қаупі жоғары екендігін ескеру қажет. Себебі тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса, төтенше жағдай орын алуы әбден мүмкін, - деді депутат.

Айтуынша, егер бұл олардың жалғыз баспанасы болса, апатты жағдайдағы пәтерлердің иелеріне жекешелендіру құқығымен коммуналдық тұрғын үйді бірінші кезекте беру керек.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары