24.11.2022, 22:15

Айдос Ербосынұлына қатысты жаңа ақпар тарады

Айдостың жұбайы да АҚШ-қа келді және оның қасында. Әрине, бұл ол үшін үлкен демеу.

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды, қазіргі таңда ол тіпті өз бетінше қозғала да алады екен. Бұл туралы Адостың ісін жүргізетін Suleimen Promotions компаниясы хабарлады.

"Бүгінгі таңда боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады, психикасы да жақсы күйде. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап беруде. Мамандардың сөзінше, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, отанына қайтуға мүмкіндік туатын сияқты. Сонымен бірге, Айдостың жұбайы да АҚШ-қа келді және оның қасында. Әрине, бұл ол үшін үлкен демеу", - дейді промоутерлік компания өкілдері. 

nege.kz