АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтардың АҚШ-қа баруы үшін визаларды жеңілдету мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дипломат америкалық тараптың қандай қадамдар жасап жатқанын айтты.
"Қазір біз жасап жатқан шаралардың кейбірі - қазақстандықтардың визаны күту уақытын қысқарту. Екінші мәселе, адамдар иммиграциялық емес визаларды алуға өтініш беру үшін сұхбатқа келмеуге мүмкіндік беру. Біз көп нәрсені байқап отырмыз. Қазақстандықтар мен америкалықтар бір-біріне барғаны оң әсер етеді", - деді Дэниел Розенблюм.