$ 495.2  522.34  4.94

Алтай Көлгінов LRT құрылысы туралы: Желтоқсанда 30 млрд теңге бөлінеді

Сондай-ақ, ол аталған құрылысқа әлі 580 млн доллар керек екенін еске салды.

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президентін ұлықтау рәсімінен кейін LRT құрылысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«LRT туралы айтсақ, жұмыс басталып кетті. Бірінші транштың ақшасы бөлінді. Қазір инженерлік құранды бөлшектері мен арқалықтары орнатылып жатқанын көріп жүрсіздер. Қазір осының бәрі жүріп жатыр. Біздің міндет – LRT құрылысын аяқтау. Келесі жылдың болжамы бойынша астанада 1,5 млн адам тұратын болады. Бұл жыл әлі аяқталған жоқ. Тағы 100 мың адам қосылатын шығар. Бас жоспар бойынша 5-6 жылдан кейін астанамызда 2 млн адам тұрады деген болжам бар», - деді әкім ҚР Президентін ұлықтау рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол аталған құрылысқа әлі 580 млн доллар керек екенін еске салды.

«Қытай консорциумымен Қазақстан тарапы арасында міндеттемелер мен келісімдерге қол қойылған. Енді құрылысты аяқтау ғана қалды. Тағы 580 млн доллар керек. Бірінші траншпен 20 млрд теңге бөлінген. Екінші транш аясында желтоқсан айында 30 млрд теңге бөлінеді. Келісім Қытай консорциумы мен Қазақстан арасында ғана жасалған. Басқа келісімдер жоқ. Қазақстан тарапы тапсырыс беруші болып отыр», - деді Алтай Көлгінов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары