27.11.2022, 07:20

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Кейбір өңірлерде бұрқасын, 33-35 градус қатты аяз болады.

"Қазгидромет" синоптиктері 11 өңірде дауылды ескерту жариялады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұманды болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр. Өскеменде түнде қатты аяз 33-35 градус болады.

Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр. Түнде қатты аяз 30-35 градус. Семейде 27 қарашада түнде қатты аяз 33-35 градус.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр.

27 қарашада Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың орталығында екпіні секундына 23 метр. Ақтауда шығыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метр.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жолдарда көктайғақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Алматы мен Қонаевта жолдарда көктайғақ болады.

27 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады.