$ 448.15  483.46  4.86

Қуат Хамитов Роналдуға баға берді

Бұл эпизод әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды.

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Португалия құрамасының капитаны, әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың 2022 жылғы әлем чемпионатында Гана командасымен болған ойын кезінде көптің ойын сан саққа жүгірткен қылығына қатысты баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын барысында Криштиану ышқырына қолын салып жіберіп, бірнәрсені алып шығып, аузына салып жеп қояды. Кейін оның энергетикалық қоспа екені белгілі болды. Бұл эпизод әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Көптеген жанкүйер Роналдудың бұл қылығын күле қабылдап, өз үйінде жүргендей оған барлығы жарасатынын айтады. Ал тағы бір легі ауызға салынған нәрсенің "төменгі жақтан шығуынан" жиіркеніп, футболшының әрекетін ыңғайсыздыққа жатқызған.

Қуат Хамитов KZ sports Instagram-аккаунтында футболшының осы әрекеті сипатталған видео атына: "Кәсіпқой деймін", - деп жазып, қасына бірнеше эмодзиді де іліп қойыпты.

Айта кетсек, аталған жайт орын алған Португалия-Гана кездесуі 3:2 есебімен аяқталды. Мұнда Роналду пенальтиден гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары