$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.

Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары