Қатты аяз салдарынан Ақмола облысындағы жолдарда апаттар мен көліктердің бұзылуы жиілеп кетті. Кешенің өзінде жол қызметкерлері тасжолда қалған он адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды, - деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Кешкі сағат 21:00 шамасында жол қызметкерлері екі кішкентай баласы бар отбасыға көмектесті. Көліктегі жанармай қатып қалғандықтан олар діттеген жеріне жете алмай қалған. Жолшылар отбасыны тұрғылықты жеріне жеткізуге көмектесіп, "ГАЗель" көлігін Астана айналма жолының 70-шақырымынан Қосшы қаласына дейін сүйреп апарған.
Сондай-ақ, шағын автобус жолаушыларына да көмек көрсетілген. Оның жолшылары республикалық маңызы бар Көкшетау – Атбасар тасжолының 150-шақырымында тұрып қалған, оны қызметкерлер Атбасарға сүйреп апарды.
Ақмолалық жолшылар сол күні кешке Екатеринбург-Алматы тасжолының 1010-шақырымында тұрып қалған істен шыққан жүк көлігінің жүргізушісін жылу пунктіне жеткізді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға "ҚазАвтоЖол" call-орталығына тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласу ұсынылады.