$ 494.87  520.65  4.91

«25 миллион теңге». Нұрсұлтан Назарбаев отырған Mercedes-Benz сатылымға шығарылды

Сонымен қатар, автокөлік салоны сұр түсті былғарыдан және бүйір терезелері механикаландырылған перделермен жабдықталған.

Kolesa.kz сайтында Нұрсұлтан Назарбаев мінгені айтылған Mercedes S-класс көлігі сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осы аттас басылым мәліметінше, Mercedes көлігінің бұл экземпляры 1993 жылы шығарылған. Бұл Mercedes-Benz S-класс көлігі бірден бірнеше ерекшелігімен көзге түседі.

"Біріншіден, бұл сайттағы ең қымбат Mercedes-Benz 600 SEL (W140). Көлік 25 миллион теңгеге бағаланған, бұл сол жылдары шығарылған 600 SEL маркасының орташа бағасынан алты есеге қымбат. Екіншіден, седанның жүрісі 29 жылдан аса уақытқа бар болғаны 37 930 шақырым.

Алайда одан да қызық дерек, бұл Mercedes қазіргі иесінің айтуынша, бұрын 01 KZ нөмірімен Нұрсұлтан Назарбаевты тасымалдаған. Жарнама авторы өз сөзін тіркеу деректер базасындағы скриншотпен, сондай-ақ мұрағаттық суреттер арқылы растайды", - деп жазды сайт.

Сондай-ақ, көлік брондалғаны айтылған.

Сонымен қатар, автокөлік салоны сұр түсті былғарыдан және бүйір терезелері механикаландырылған перделермен жабдықталған. Сондай-ақ, алдыңғы және артқы орындықтарында жылыту механизмі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары