Семей қаласындағы шағынаудан тұрғындары пәтерлерінде жылудың азайғанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарағайлы» шағынауданының тұрғындары пәтерлерінде жылудың азайғанын айтып, қала әкімдігіне шағымдануда. Осыған орай жергілікті билік «Теплокоммуэнерго» МКК мамандарының аталған шағынаудандағы үйлердің жылу жүйесіне инспекциялық тексерістер жүргізгенін мәлім етті.
«Соның нәтижесінде бірнеше үйде жылумен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар анықталды. Қалалық жылу көздерінен»Қарағайлы«шағынауданына жылу 75-80 градуста беріледі. Алайда қазір пәтерлердегі батареяларда жылу температурасы 45-50 градус болып отыр. Жылу қуатының төмендеуі жертөлелерде орналасқан үйлердің жылу пунктерінен болуы мүмкін. Дәл қазір мамандар ондағы ақауларды анықтап жатыр», - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар үйлерді салған мердігер компания мен тиісті мамандар жылу жүйесін ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.