29.11.2022, 01:00

Қатар-2022: Бразилия плей-офф кезеңіне жолдама алды

Соңғы рет бұдан 20 жыл бұрын әлем чемпионы атанған Бразилия сол табысын қайталай ала ма, оны алдағы ойындар барысы көрсетеді.

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында G тобында Бразилия мен Швейцария құрамалары шеберлік байқасты.

Бірінші турда бес дүркін әлем чемпионы Бразилия Сербияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Швейцария Камерунды жеңген еді (1:0).

Бүгін Камерун – Сербия құрамалары тартысты бәсекеде 3:3 есебімен тең түсті. Сондықтан Бразилия немесе Швейцарияның қай жеңгені плей-офф кезеңіне жолдама алатыны анық еді.

Бірінші таймда Тите шәкірттерінің басымдылығы байқалғанымен, есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде швейцариялықтардың ойынына жан бітіп, Бразилия қақпасын қарауылға алды. Бірақ одан ештеңе шықпады. 58-минутта бразилиялық Винисиус Жуниор қақпаға қарай бағыттаған допқа Сербиямен матчтың қаһарманы Ришарлисон сәл-пәл жетпей қалды. Ал 64-минутта В.Жуниор қақпаға салған доп офсайдқа байланысты гол есептелмеді. Дегенмен 83-минутта бразилиялықтар дегеніне жетті. Тағы да сол қанаттан Винисиус Родригоға пас берді. Одан доп алған Каземиро әдемі соққысымен көзге түсті – 1:0.

Осылайша, G тобында Швейцарияны 1:0 есебімен ұтқан Бразилия әлем чемпионы Франциядан кейін екінші болып біріншіліктің 1/8 финалына шықты. Екінші жолдама мәселесі 2 желтоқсанда шешіледі. Бұл күні Швейцария Сербиямен, Бразилия Камерунмен ойнайды.

Соңғы рет бұдан 20 жыл бұрын әлем чемпионы атанған Бразилия сол табысын қайталай ала ма, оны алдағы ойындар барысы көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватияның Канаданы ірі есеппен ұтты.

Сондай-ақ Испания мен Германия құрамалары тең тарқасты.

Камерун мен Сербия тең түсті.

ҚазАқпарат