29.11.2022, 07:00

Жел, тұман, аяз: он өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 43 градус қатты аяз сақталады.

Қазгидромет 29 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік шығыстан соғады, күші түнде 15-20, облыс орталығында 25 м/с, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 29 қараша түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Алматы қаласында түнде тұман түседі

Түнде Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 43 градус қатты аяз сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Тегтер: ауа райы