$ 494.87  520.65  4.91

«Аяздағы түкірік үшін кешірім сұраймын» - депутат

Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды.

Соңғы болып жатқан жағдайға байланысты кеше "AMANAT" партиясының өкілдері жергілікті халықтың жай-күйімен танысу үшін Екібастұз қаласына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сапар барысын баяндау мақсатында тікелей эфирге шыққан Ерлан Саиров ыңғайсыз жағдайда қалды. Эфир жүріп жатқанда түкірген депутаттың оғаш әрекеті желіге тарап, халықтың сынына ұшырады. Аталған әрекетін түсіндірмек болған Саиров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

"Құрметті достар!

Кеше Екібастұз қаласына сапар барысында "Хабар" агенттігіне, журналисттердің өтініші бойынша тікелей эфирге шықтым. Сол кезде, эфир алдында жерге түкіріп жібердім. Осы мәселе бойынша өзімнің түсінігімді беруді жөн деп ойлаймын.

Біріншіден,  қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам,  кешірім сұраймын.

Екіншіден,  кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды. 

Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құғап кеткен болуы керек. Біз қоғам алдында әр-бір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс-тұрысымызды  түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін.

Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын! Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын", деді ол. 

Сонымен қатар, елдегі үлкен проблеманы да атап өтті. "Ал Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек ретінде 1000 жылыту қондырғысы жеткізілді. Бүгін қала толық жылуға қосылды деген ақпарат келді. Бүгінде елімізде өте үлкен техногенді проблема тұр. Бұл мәселені терең сараптап қарастыру қажет. Олигархиялық, монополиялық құрылымдар бұл мәселені ушықтыруда".
                                    
"Қауым алдында "аяздағы түкірік" үшін тағы да Ғафу өтінемін! Көп Рахмет!", деп сөзінің соңында аяздағы түкірігі үшін тағы да кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары