$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұз тұрғындары бір ай бойы интернетті тегін пайдаланады

Министрлік Екібастұзда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты мобильді операторларды Екібастұз бен Павлодар облысының тұрғындарына қолдау көрсетуге шақырып, акцияға бастама жасады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Енді 160 мыңнан астам абонент бір ай бойы тегін қоңыраулар мен тегін мобильді интернетпен пайдалана алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік Екібастұзда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты мобильді операторларды Екібастұз бен Павлодар облысының тұрғындарына қолдау көрсетуге шақырып, акцияға бастама жасады. 

Осылайша, Екібаcтұзда Tele2/Altel қолданатын 17 мың  абонент 45 минут тегін қоңырау мен ұялы нөмірлерге 45 тегін SMS, сондай-ақ 8 Гб интернет-трафик алады. Бұл пакет 28 қарашадан бастап 30 күн бойы жарамды болады.

Павлодар облысында тұратын Kcell абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне 20 минут тегін қоңырау ұсынылған. Бонустық ресурстар 7 күн бойы жарамды болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары