$ 494.87  520.65  4.91

Атырау іргесіндегі елді мекенде жабайы қабандар жүр

Ауылға жабайы жануарлар, не аңдар кірген кезде өте сақ болу қажет. Себебі, адамдарға, әсіресе, балаларға қауіп төндіруі мүмкін.

Атырау қаласының іргесіндегі елді мекенде жабайы қабандар жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жабайы қабандар Атырау қаласына таяу орналасқан Еркінқала-2 елді мекеніне кіріп кеткен. Ауылдың тұрғындары Whatsapp мессенджерінде көшеде жүрген үш қабанды видеоға түсірген.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан Иманғалиевтың айтуынша, жабайы қабандар «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан келуі мүмкін.

«Еркінқала ауыл округінің жанында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан. Жануарлар сол резерваттан Жайық өзені арқылы жүзіп шыққан болуы мүмкін деп ойлаймыз. Осы оқиғадан кейін жергілікті округ әкімімен бірге ауылды аралап шықтық. Жануарлар ауылға кіріп, кері қашып кеткен. Ауылда ешқандай тосын оқиға тіркелмеді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Жалпы, қабандар – қауіпті жануарлар. Бірақ, қабандар адамдардан қорқады», -дейді Нұрлан Иманғалиев.

Оның айтуына қарағанда, бұл ауылда 1980 жылдары жабайы қабанның, не өзге де аңдардың кіргені жиі байқалған. Алайда, одан кейін мұндай оқиға тіркелмеген.

«Ауылға жабайы жануарлар, не аңдар кірген кезде өте сақ болу қажет. Себебі, адамдарға, әсіресе, балаларға қауіп төндіруі мүмкін», -дейді Нұрлан Иманғалиев.

Әлеуметтік желіде ауылға кірген қабандардың атылғаны туралы суреттер тарады.

Алайда, бұл деректі аумақтық инспекцияның бас маманы Нұрлан Иманғалиев жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары