$ 494.87  520.65  4.91

Жерге түкірген Мәжіліс депутаты 15 мың теңге айыппұл төлейтін болды

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін 15 900 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Полиция департаменті видеоны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

5 АЕК (1 АЕК – 3180 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген Павлодар облысының Полиция департаменті ұсынған мәліметте.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты телеарнаның тікелей эфиріне қосылып, Екібастұз қаласындағы апатқа қатысты жағдайды жеткізу кезінде жерге түкіріп жіберген.

Осы мәселеге қатысты Е.Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында түсінік берген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары